Жаңалықтар архивы

29 қазан, 2019
336

«КОРЭМ» АҚ электр қуатының имитациялық сауда-саттықты өткізді

1 Фото

2019 жылдың 29 қазанда «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына дайындық мақсатында ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОРЭМ» АҚ-ның сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының имитациялық орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Бірыңғай сатып алушы және Жүйелік оператор имитациялық режимде электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін «КОРЭМ» АҚ-на келесі бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР ЕЭҚ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным – 7832 МВт, оның ішінде ҚР ЕЭҚ Солтүстік аймағы бойынша – 6512 МВт және ҚР ЕЭҚ Оңтүстік аймағы бойынша – 1320 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 900 МВт.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) мөлшерінде белгіленді.

Имитациялық сауда-саттығына 28 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығының қорытындысы бойынша Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша сатып алынған/сатылған қуаттардың жалпы көлемі 7656 МВт құрады, оның ішінде ҚР ЕЭҚ Солтүстік аймағы бойынша – 7241 МВт және ҚР ЕЭҚ Оңтүстік аймағы бойынша 415 МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны – 28. Сату ұсынысының жеткіліксіз көлеміне байланысты сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 176 МВт құрады. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке орташа бағасы 587,9 мың теңге/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Электр қуатының имитациялық сауда-саттығына бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ-ның және «ЕҚО» ЖШС-нің өкілдері қатысты.