Жаңалықтар архивы
КОРЭМ» АҚ 2019 жылғы 19-20 қарашада электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өтетінін хабарлайды.
19 қараша сағат 10.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілетін болады.
2019 жылғы 20 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізіледі:
- сағат 10.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша;
- сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7(7172)690706, +7(7172)690726.
Шарт жасасу мәселелері төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7(7172)690731, +7(7172)690732.
2019 жылғы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесін қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.