Жаңалықтар архивы

27 қараша, 2019
632

Қазақстанда 50 МВт КЭС бойынша пилоттық аукцион өткізу кезінде ЖЭК күн генерациясына рекордтық төмен баға орнатылды

1 Фото

Бүгін «КОРЭМ» АҚ Түркістан облысы Отырар ауданында Шәуілдір ауылына жақын орналасқан, белгіленген қуаты 50 МВт күн электр станциясының (бұдан әрі – КЭС) жобасы үшін аукциондық сауда-саттық өткізді.

   Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың географиясы Қазақстан, Италия, Ресей, Германия, Қытай және Нидерландыны қоса алғанда, 6 елден тұрады.

   Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы келесі компания болды:

 «Arm Wind» ЖШС (Италия) 12.49 тг/кВтс бағасымен (ҚҚС-сыз).

   Шекті аукциондық баға - 29 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) сауда-саттық сессиясын өткізу барысында 2.3 есе төмендеді.

   Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 7 компания жіберілді, сауда-саттық сессиясын өткізу барысында қатысушылар 95 баға ұсыныстарын берді. Өтінімдердің жалпы көлемі 350 МВт құрады.  Сауда сессияның өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 12.49 – 29 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

   Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықты өткізу – ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру бойынша ең үздік әлемдік тәжірибе.  Осы тәжірибе әлеуетті инвесторларға жоба бойынша қажетті базалық техникалық деректерді қоса алғанда, жобаның негізгі параметрлерін сипаттайтын ақпарат алдын ала берілетін алаңдарды аукциондық сауда-саттыққа қоюды білдіреді. Осы ақпарат жер учаскесін таңдаумен, қуатты беру схемасын әзірлеумен байланысты ықтимал инвестициялық және техникалық тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді, бұл ақыр соңында «жасыл» электр энергиясының 1 кВтс үшін ең аз ықтимал бағасын ұсынуға ықпал етеді.

   Қазақстан Республикасында осындай тәжірибені іске асыру және оны жаңартылатын энергия көздері нарығында апробациялау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және БҰҰ Даму Бағдарламасы бірлескен бастамасы шеңберінде 50 МВт белгіленген қуаты бар КЭС жобасын іске асыру бойынша құжаттама пакеті дайындалды, ол бүгін сауда-саттық өткізу барысында аукционға қойылды.

   2019 жыл ішінде ЖЭК секторына инвестициялау тәуекелдерін төмендету бойынша БҰҰДБ жобасының сарапшылары жобаның негізгі параметрлерін сипаттайтын құжаттар пакетін дайындады – барлық қажетті келісулерді қоса алғанда, болашақ ЖЭС электр желілеріне қосу бойынша ақпарат, міндетті түрде қоғамдық тыңдауларды өткізе отырып, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалауды (алдын ала ҚОӘАБ),  болашақ станцияның құрылысына арналған жер учаскесін таңдау және зерттеу.

   Әлеуетті инвесторларды мемлекеттік деңгейде іске асырылып жатқан бастамалар туралы ақпараттандыру мақсатында бірнеше оқыту семинарлар мен вебинарлар өткізілді, онда әлеуетті инвесторларға барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндігі болды. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлардың тікелей Шәуілдір ауылының алаңына шығуы ұйымдастырылды.

   Қазақстан Республикасында 2019 жылғы аукциондық сауда-саттықты өткізу табысы – ҚР Энергетика министрлігінің, «ЖЭК секторына инвестициялау тәуекелдерін төмендету» БҰҰ Даму Бағдарламасының, «Болашақ энергиясы» USAID бағдарламасының, салалық қауымдастықтардың, «КОРЭМ» АҚ, «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесі.

   Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ және «Атамекен» ҰКП, «Қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ, «ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, БҰҰДБ, USAID, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің өкілдері қатысты.

   Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционның ұйымдастырушысы - «КОРЭМ» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының айқындылығы расталды.

Анықтама ретiнде:

   Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 19.03.2019 ж. №97 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2019 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 255 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттық өткізілді:

- күн электр станциялары – 80 МВт;

- жел электр станциялары - 100 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 65 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы «КОРЭМ» АҚ болып анықталды.

Ақпаратты «КОРЭМ» АҚ дайындады.