Жаңалықтар архивы
ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары
2019 жылдың 28 қарашасында ҚР БЭЖ Солтүстік және оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОРЭМ» АҚ мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным – 5 512,57 МВт, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 181,63 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 330,94 МВт;
- ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр тарату желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 900 МВт;
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 22 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша сатылған қуаттардың жалпы көлемі 5 437,63 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 181,63 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 256 МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны 22 құрады. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы айына 589,95 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 6 381 МВт құрады.
ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің шектелуіне байланысты ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі 938,37 МВт құрады.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «ҚЭҚ» ЗТБ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «KEGOC» АҚ, «KEGOC» АҚ ЖО ҰДО және «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» өкілдері қатысты.