Жаңалықтар архивы

29 қараша, 2019
751

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары

1 Фото

2019 жылғы 29 қарашасында ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Манғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОРЭМ» АҚ-ның сауда алаңында Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОРЭМ» АҚ-ға мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамдық сұраным – 284,99 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Манғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 130 МВт;

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 3 энергия өндіруші ұйым қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 263 МВт құрады. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны 3 құрады.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы айына 588,12 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 263 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты.