Жаңалықтар архивы
Табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы
Құрметті орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар!
«КОРЭМ» АҚ 2020 жылғы 10 сәуірде (Нұр-сұлтан қ. уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін) «Казцинк» ЖШС (Бұқтырма ГЭС), «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС және «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС қатысуымен өткен табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының өткізілген сауда-саттығының нәтижелері туралы хабарлайды.
ГЭС алынған деректерге сәйкес электр энергиясын сатудың жалпы алдын ала көлемі 230,3 млн. кВт*сағ құрайды:
1. «Казцинк» ЖШС (БГЭС) – 50-90 млн. кВт*сағ;
2. «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС - 135,8 млн. кВт*сағ;
3. «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС - 44,5 млн. кВт*сағ.
Орталықтандырылған сауда-саттық өткізу барысында сұраныстың жиынтық көлемі – 1 458,6 млн. кВт*сағ, ұсыныс көлемі – 301,2 млн. кВт*сағ, оның ішінде:
1. «Казцинк» ЖШС (БГЭС) – 120 млн. кВт*сағ., 1,1 тг/кВт*сағ тарифімен;
2. «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС - 136,2 млн. кВт*сағ., 2,43 тг/кВт*сағ тарифімен;
3. «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС - 45 млн. кВт*сағ., 1,86 тг/кВт*сағ тарифімен.
Сауда-саттық нәтижелері бойынша 13 мәміле жасалды. Жасалған мәмілелердің жиынтық көлемі 301,2 млн.кВт*сағ, баға диапазонында 1,1-ден 2,43 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Электр энергиясын жеткізудің болжамды мерзімдері 2020 жылғы 15 сәуірден 9 мамырға дейін. Жеткізудің нақты көлемі мен мерзімдері электр энергиясын сатып алу - сатудың екі жақты шарттарының талаптарында көрсетілетін болады.