Жаңалықтар архивы
Табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы
Құрметті орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар!
"КОРЭМ" АҚ Сізге "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС қатысуымен 2020 жылдың 27 сәуірінде (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін) өткен табиғатты қорғау су жіберу кезеңінде ГЭС өндіретін электр энергиясының қосымша орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері туралы хабарлайды.
Орталықтандырылған сауда кезенінде жалпы сұраныс 580,944 млн кВт*сағ., жеткізу көлемі – 30,24 млн кВт*сағ. құрады. Орталықтандырылған сауда-саттыққа электр энергиясының көтерме сауда нарығының 54 субъектісі қатысты. Сауда-саттық қорытындылары бойынша 2 мәміле жасалды. Мәмілелердің жалпы көлемі 2,43 тг/кВт*сағ. (ҚҚС-сыз) 30,24 млн кВт*сағ. құрады.
Электр энергиясын жеткізу мерзімі 2020 жылғы 29 сәуірден бастап 12 мамырға дейін. Жеткізудің нақты көлемі мен мерзімдері электр энергиясын сатып алу - сатудың екі жақты шарттарының талаптарында көрсетілетін болады.