Жаңалықтар архивы

25 мамыр, 2020
864

2020 жылға арналған ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесін бекіту туралы

1 Фото

«КОРЭМ» АҚ ҚР энергетика Министрлігімен 2020 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу кестесін бекітетіні туралы хабарлайды.

«KOREM» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тараптарды 2020 жылдың 9-25 қараша аралығында, 2020 жылдың 8 және 10 желтоқсан аралығында өтетін жаңартылатын энергия көздерінің аукционына қатысуға шақырады.

Аукциондық саудаға 2020 жылы түрлері бойынша бөле отырып, ЖЭК белгіленген қуаты 250 МВт қойылды:

- күн электр станциялары (КЭС) – 55 МВт (оның ішінде құжаттамасымен 40 МВт);

- жел электр станциялары (ЖЭК) - 65 МВт;

- су электр станциялары (СЭС) – 120 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.

2020 жылға арналған аукциондық сауда-саттықтарды өткізу кестесімен сіз біздің сайтымыздан таныса аласыз https://vie.korem.kz/rus/zakonodatelstvo/npa/.

Барлық сұрақтар бойынша электронды пошта арқылы бізбен байланыса аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: (7172)690-706, 690-730, 690-703.

Сізді 2020 жылға арналған сауда-саттыққа қатысушылардың қатарында көруге қуаныштымыз.