Жаңалықтар архивы

10 шілде, 2020
768

"КОРЭМ" АҚ туған күні

1 Фото

Құрметті достар! 2020 жылдың 10 шілдесінде біздің Компания «Электр энергиясы мен қуаты нарығының Қазақстандық операторы» АҚ-ы болып құрылған сәттінен бастап толық 20 жыл.

Компанияның қалыптасуы күрделі және қиын жолдарды өткере отырып, елдің дамуымен қатар жүрді.

Барлығы 2000 жылғы 20 сәуірде «Электр энергиясы мен қуатының көтерме рыногының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 606 қаулысына сәйкес электр қуатының көтерме нарығын одан әрі жетілдіру мақсатында "КОРЭМ" ЖАҚ құрылудан басталады.

2001 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрлігінің №8 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының нарықтық операторының функциялары «КОРЭМ» ЖАҚ-қа жүктеледі.

2002 жылғы 18 ақпанда «КОРЭМ» ЖАҚ сауда алаңында посткеңестік кезеңінде алғаш рет «бір күн бұрын» режимінде электр энергиясының спот-сауда-саттығы іске қосылады.

2004 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар Министрінің № 54 бұйрығына сәйкес «КОРЭМ» ЖАҚ электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторы болып тағайындалады.

2004 жылғы 28 қыркүйекте «КОРЭМ» АҚ Сауда алаңында орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімді (тоқсан, жыл) кезеңдерге электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы іске қосылады.

2006 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық Холдингі» АҚ жарғылық капиталына беру туралы» № 1020 қаулысына сәйкес «КОРЭМ» АҚ акциялары «Самұрық» АҚ жарғылық капиталына беріледі.

2010 жылғы 29 қарашада «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында алғашқы рет посткеңестік кезеңінде пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстанның көтерме сауда нарығы субъектілерінің қатысуымен электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізіледі.

2017 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің м.а. №280 бұйрығына сәйкес «КОРЭМ» АҚ ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысы болып анықталады.

2018 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі бекіткен кестеге сәйкес «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда жүйесі іске қосылады.

2018 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Электр энергетика туралы» заңының аясында электр қуатының нарығын құру мақсатында «КОРЭМ» АҚ сауда алаңында электр қуатын орталықтандырылған сауда-саттығы басталды.   

Компанияның аталған даму кезеңдері мен жетістіктері ұстанымы берік ұйымшыл ұжымның жұмысының арқасында жүзеге асырыла отырып және біздің серіктестеріміз - электр энергиясы нарығының субъектілерінің белсенді қатысуысыз, және олардың сауда-саттық жүйесін жетілдіру процесінде, нормативтік базаны, тұрақты байланыстарды, өзара кеңес пен жай достық қатынастарды жақсартпай мүмкін болмас еді.

Осыған байланысты Әріптестер мен Серіктестерді осы мерейтойлық күнмен құттықтай отырып, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жемісті еңбек тілегіміз келеді.

Қиын күндері бүкіл әлем COVID-19 жаһандық пандемиясымен күресуге кірісті, бұл Қазақстанды да айналып өтпеді. Өкінішке орай, біздің естелік күніміз Қазақстан халқының үлкен қиындықтары кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазіргі уақытта ешкімді аямай, біздің туыстарымыз бен жақындарымыздың өмірін қиып алатын коронавирус пандемиясының қиындықтарын біздің еліміз бастан кешуде. Өмірден мезгілсіз кеткен абзал жандардың барлығының жанұяларының қайғыларына «КОРЭМ» АҚ ұжымы ортақтасып көңіл айтады. Қиын сәтте сізге және сіздің отбасыңызға шын жүректен қолдау көрсетіп, өмірлік қуат, рух пен көтеріңкі көніл-күй тілегіміз келеді, олар уақытша қиындықтарды жеңуге себепкер болады. Шынайы жүректен ұзақ жылдар бойы денсаулық және амандық тілейміз.

20 жыл-тарихи уақыт кезеңі, ол адам үшін ұзақ сәт болса, бірақ тарих үшін бұл бір қасқағым сәт. Қиындықтарды бірлік, болашаққа сенім және жүректе үміт ұялаған кезде жеңеді. Біз осы күрделі уақыт аралығын бірге еңсеріп және жоғары шыңдарға қол жеткіземіз!