Жаңалықтар архивы
Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондарға арналған вебинарлар сериясына шақыру
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, UNDP GEF, USAID, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «КОРЭМ» АҚ аукциондық сауда-саттығын ұйымдастырушы және ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушы «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС қатысуымен «2020 жылы жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбына вебинарлар сериясын өткізеді.
Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады.
Вебинар туралы толығырақ ақпарат:
Уақыт: 15.00 – 16.40 (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен);
Өткізу күні: 10 қыркүйек 2020 / 24 Қыркүйек 2020 / 8 қазан 2020 / 22 қазан 2020
ЖЭК аукциондары бөлімінде «2020 жылғы жаңартылатын энергия көздерінің жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбына вебинарлар сериясына тіркеу үшін шақыру орналастырылған немесе мына сілтеме бойынша: https://vie.korem.kz/kaz/investor/obuchayshie_seminary/