Жаңалықтар архивы

07 қазан, 2020
479

USAID жобасы «Орталық Азия энергетикасы»

1 Фото

2020 жылғы 6 қазанда «KOREM» АҚ алаңында USAID бағдарламасының өкілдерімен «Орталық Азия энергетикасы» жаңа жобасын (бұдан әрі - Жоба) талқылау бойынша кездесу өтті.

Осы жобаның негізгі мақсаты: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Орталық Азияның бес еліне (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) энергетикадағы ұлттық басымдықтарға қол жеткізуге жәрдемдесу, сондай-ақ электр энергиясының өңірлік саудасынан экономикалық пайданы қамтамасыз етуде қолдау көрсету болып табылады.

Жоба 2020 жылдың 1 қазанынан бастап 5 жыл ішінде жүзеге асырылады.

USAID «Орталық Азия энергетикасы» Жобасы ұлттық үкіметтерге, коммуналдық кәсіпорындарға және басқа да мүдделі тараптарға ішкі энергетикалық нарық реформаларын әзірлеуде қолдау көрсетеді, электр энергиясының өңірлік нарығын нығайтуға жәрдемдеседі және дәстүрлі және жаңартылатын көздерден таза энергетикалық технологияларды кеңінен енгізуге ықпал ететін болады. Бағдарлама Орталық Азия елдеріне су ресурстарын басқарудың басқа да басымдықтарымен су электр энергиясын өндіру қажеттілігін теңгеруге көмектеседі, сондай-ақ бағдарлама барысында жасалған құпия деректерді қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында «KOREM» АҚ басшылығы Орталық Азиядағы электр энергиясы нарығын дамыту бойынша өз көзқарасын білдірді, орталықтандырылған сауда-саттықты дамыту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін және «KOREM» АҚ қызметін цифрлық трансформациялау жоспарларын талқылады.

Осы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар осы жобаны іске асыру бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін растады.