Жаңалықтар архивы

06 қараша, 2020
234

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу

1 Фото

Құрметті орталықтандырылған сауда-саттыққа қатысушылар, «КОРЭМ» АҚ Сіздерге электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықтың 2020 жылғы 18-19 қарашада өтетіні туралы хабарлайды.

2020 жылғы 18 қарашада сағат 10.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ-нің Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

2020 жылғы 19 қарашада ҚР БЭЖ Батыс аймағы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық жүргізілетін болады:

  • сағат 10.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша;
  • сағат 16.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша бірлескен сауда-саттық.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7(7172)982-971, +7(7172)982-973.

Шарт жасасу мәселелері бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7(7172)982-972.

Электр қуатының 2020 жылғы орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу кестесін көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.