Жаңалықтар архивы

09 қараша, 2020
318

Белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт 2020 жылғы 9 қарашадағы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық 2020 жылғы 9 қарашада басталды. Ағымдағы жылы аукциондар жалпы қуаттылығы 20 МВт болатын су электр станцияларының жобаларын іріктеуден басталды.Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания рұқсат етілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 27 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 1-ден 5 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 23 МВт құрады. 2020 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 14,98-ден 15,20 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Аукциондық сауда-саттықты өткізу Қағидаларының 56-1-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша оферта қабылдады. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 13,48-ден 15,20 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

  • «UBS POWER» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Шығыс-Қазақстан облысының Жарма ауданына жақын орналастыру жоспарлануда;
  • «Jasyl qýat» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 13,48 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Жоғарғы-Ақсу ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;
  • «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 14,98 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;
  • «Altyn Esik» Басқарушы компания» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 3 МВт, аукциондық бағасы 14,99 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысының Есік қаласына жақын жерде орналастыру жоспарлануда;
  • «Көксу-Қуат»  ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4,5 МВт, аукциондық бағасы 15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Көксу ауданы Лабасы ауылдық округіне жақын орналастыру жоспарлануда;
  • «ТАУЭНЕРГО» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,01 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксай ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;
  • «Ынтымақ» ӘКК» өндірістік кооперативі (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 1,5 МВт, аукциондық бағасы 15,02 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Көкпақ ауылдық округінің маңында орналастыру жоспарлануда;
  • «DALA SOLAR» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 2 МВт, аукциондық бағасы 15,03 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысы Кентау қаласы Майдантал ауылдық округінің Ынталы (Майдантал) ауылына жақын орналастыру жоспарлануда;
  • «МТ и К» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 5 МВт, аукциондық бағасы 15,2 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Алматы облысы Сарқан ауданы Қарғалы ауылының маңында орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, "KazEnergy" ЗТБ, "ҚЭҚ" ЗТБ, Азия даму банкінің өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 10.11.2020 ж. 15 МВт КЭС түрі бойынша белгіленген.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары65 МВт;

- су электр станциялары 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.