Жаңалықтар архивы

10 қараша, 2020
248

Белгіленген жиынтық қуаты 15 МВт 2020 жылғы 10 қарашадағы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Қазақстанда ЖЭК бойынша 30-шы аукциондық сауда-саттық өтті. Аукцион өтті деп танылды

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания рұқсат етілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 49 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 1.2-ден 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 36.15 МВт құрады. 2020 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 16.97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 16.9-дан 14.99 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып:

  • «UBS QZ» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 10 МВт, аукциондық бағасы 14.99 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысының Келес ауданына жақын орналастыру жоспарлануда,
  • «UBS Solar» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 10 МВт, аукциондық бағасы 15.62 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Түркістан облысының Келес ауданына жақын орналастыру жоспарлануда.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, "KazEnergy" ЗТБ, "ҚЭҚ" ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 11.11.2020 ж. 15 МВт ЖЭС түрі бойынша белгіленген.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары65 МВт;

- су электр станциялары 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.