Жаңалықтар архивы

11 қараша, 2020
328

2020 жылғы 11 қарашадағы ЖЭС типі бойынша аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

1 Фото

Аукцион өтті деп танылды.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компанияға рұқсат берілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 13 баға ұсыныстарын берді, жобалардың бірлік қуаты 4.95 -тен 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 29.8 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21.69 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға ауқымы 21.69 - дан 21.09 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша келесі компаниялар жеңімпаз болып:

  • «Greencity KZ» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 10 МВт, аукциондық бағасы 21.09 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Солтүстік-Қазақстан облысының Тайынша ауданында орналастыру жоспарлануда;
  • «Аргест» ЖШС (Қазақстан) жобаның белгіленген қуаты 4.95 МВт, аукциондық бағасы 21.53 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақмола облысының Ерейментау қаласына жақын орналастыру жоспарлануда.

 

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, "KazEnergy" ЗТБ, "ҚЭҚ" ЗТБ, Еуропа қайта құру және даму банкі өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 23.11.2020 ж. 10 МВт БиоЭС түрі бойынша белгіленген.

Анықтамалық:

Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жоба құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары65 МВт;

- су электр станциялары 120 МВт; 

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.