Жаңалықтар архивы
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді
2020 жылғы 19 қарашасында ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Маңғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОREМ» АҚ-ның сауда алаңында Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-ға мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:
- ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамдық сұраным – 464,69 МВт;
- ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Маңғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 50 МВт.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйым қатысты.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 464,69 МВт құрады, оның ішінде Манғыстау облысы бойынша – 414,69 МВт және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Атырау облысы бойынша – 50 МВт. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны 2 құрады. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа бағасы айына 550,19 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 804 МВт құрады.
Қазақстан Республикасының БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша сатып алынатын қуаттың қанағаттандырылмаған көлемі электр жеткізу желілерінің шектеулі қуатына байланысты 339,31 МВт құрады. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты.