Жаңалықтар архивы

19 қараша, 2020
396

ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары

1 Фото

2020 жылғы 19 қарашасында ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Маңғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, «КОREМ» АҚ-ның сауда алаңында Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу үшін Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператор «КОREМ» АҚ-ға мынадай бастапқы параметрлерді ұсынды:

  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамдық сұранымы – 321,83 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс-Қазақстан мен Атырау облыстарын және ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілетінің көлемі – 130 МВт.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке шекті тарифі – айына 590 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына 6 энергия өндіруші ұйымдар қатысты.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша сатылған қуаттың жалпы көлемі 321,83 МВт құрады. Сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер саны 6.  Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындысы бойынша орташа баға айына 572,02 мың тг/МВт (ҚҚС-сыз) құрады.

Энергия өндіруші ұйымдардың сауда жүйесіне берілген өтінімдерінің жиынтық көлемі 370 МВт құрады.

ҚР БЭЖ қуатындағы сауда көлемінің жетіспеуіне байланысты Батыс Қазақстан және Атырау аймақтарындағы Батыс Қазақстан аймағының сатып алынған қуатының қанағаттандырылмаған көлемі 48,17 МВт құрады.

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерімен Сіз осында таныса аласыз (мәмілелер тізілімі).

Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты.