Жаңалықтар архивы

11 желтоқсан, 2020
1194

2020 жылғы аукциондардың нәтижелері

1 Фото

ҚР энергетика Министрлігімен бекітілген 2020 жылға арналған аукциондар кестесіне сәйкес электр станцияларының мынадай түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты жалпы 250 МВт аукционға шығарылды: ЖЭС – 65 МВт; КЭС – 55 МВт, оның ішінде құжаттамасымен 2 жоба, әрбір жобаның белгіленген қуаты 20 МВт; ГЭС – 120 МВт; БиоЭС – 10 МВт.

2020 жылғы аукциондар үшін шекті бастапқы аукциондық бағалар мынадай тарифтер деңгейінде белгіленді:

  • ЖЭС – 21,69 тг/кВтс;
  • КЭС – 16,97 тг/кВтс;
  • ГЭС – 15,48 тг/кВтс;
  • БиоЭС – 32,15 тг/кВтс.

Барлығы 8 аукцион жоспарланған және өткізілді: 4 – құжаттамасыз шағын аукциондар, 2 – құжаттамасыз ірі аукциондар, 2 - құжаттамамен ірі аукциондар. Аукциондар штаттық режимде өткізілді, бұл ретте қатысушылардың жеткіліксіз санының (ірі ГЭС және БиоЭС) себебінен 2 аукцион өтпеді деп танылды.

Аукциондарға 4 елден 27 қазақстандық және шетелдік компания қатысты: Қазақстан, Ресей, Нидерланд және Германия. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 493,9 МВт құрады, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 2 есе асып түсті. Атап айтқанда, ЖЭС, КЭС және шағын ГЭС жобалары бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен шамамен 2 есе асып түсті, бірақ инвесторлар тарапынан ең үлкен қызығушылық ЖЭС болды, олар бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 5 есе асып түсті (1-кесте).

1 кесте. 2020 жылығы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері

2020 жылғы құжаттамасыз аукциондарЖалпы, 2020 жылғы аукциондарда жалпы белгіленген қуаты 147,95 МВт ЖЭК 16 жобасы іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 64,95 МВт, КЭС - 60 МВт, шағын ГЭС - 23 МВт. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары аукционда ұсынылған қуаттың 60% - ын іріктеп алды.

2020 жылғы 9 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 20 МВт ГЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 27 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1-ден 5 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 23 МВт құрады. 2020 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 15,20-дан 14,98 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

Қазақстан Республикасы энергетика Министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген «Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімді берудің мазмұны мен тәртібін, аукционға қатысу өтінімін қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды айқындау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Қағидаларының» (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттық Қағидалары) 56-1 тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 15,20-дан 13,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

2020 жылғы 10 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 15 МВт КЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 49 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1,2-ден 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 36,15 МВт құрады. 2020 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде шекті аукциондық баға 16,97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16,9-дан 14,99 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

2020 жылғы 11 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 15 МВт ЖЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 13 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 4.95-тен 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 29,8 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21,69 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,69-дан 21,09 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

2020 жылғы 23 қарашада ҚР БЭЖ барлық аймақтары бойынша белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Осы аукцион аукциондық сауда-саттық Қағидаларының 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды, сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем.

2020 жылғы 24 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 50 МВт ЖЭС ірі жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компания жіберілді. Сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар бірлі-жарым қуаты 50 МВт болатын 44 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 300 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21,69 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,65-тен 15,9 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

2020 жылғы 25 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС ірі жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Осы аукцион аукциондық сауда-саттық Қағидаларының 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды, сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем. 2020 жылғы құжаттамасыз аукцион жеңімпаздарының тізімі 2-кестеде келтірілген.

2 кесте. 2020 жылы ЖЭК жобаларын құжаттамасыз іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері

2020 жылғы КЭС жобалары бойынша құжаттамалармен аукциондар
Жобаларды іске асыру шеңберінде «ЖЭК жөніндегі ҚЭАО» ЖШС қажетті есептеулерді, ресурстық әлеуетті бағалауды, жерді сатып алу/жалға алу шығындарын, қуат беру схемасын және қосылуға арналған техникалық шарттарды және т.б. қамтитын осы жобалар бойынша жобалау алдындағы құжаттаманы әзірледі.

2020 жылғы 8 желтоқсанда Түркістан облысы Иассы ауылдық округінің Кентау қаласының маңында белгіленген қуаты 20 МВт болатын аукцион өтті. Аукционға 2 елден 3 компания қатысты: Ресей, Германия. Сауда сессиясы барысында аукционға қатысушылар 48 баға ұсынысын берді, нәтижесінде бастапқы аукциондық баға – 16,97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) 14,1% - ға төмендеді және 14,58 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.

2020 жылғы 10 желтоқсанда Қызылорда облысы Арал қаласының маңында белгіленген қуаты 20 МВт болатын аукцион өтті. Аукционға Ресейден 2 компания қатысты. Сауда сессиясы барысында аукционға қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, соның нәтижесінде бастапқы аукциондық баға – 16,97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз). 16,96 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді. 2020 жылғы құжаттамасымен аукцион жеңімпаздарының тізімі 3-кестеде келтірілген.

3 кесте. ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылы құжаттамалары бар аукциондардың нәтижелері


Ағымдағы жылғы аукциондар қорытындылары бойынша ЖЭС жобалары бойынша аукциондық бағаның барынша төмендеуі 26,7%, КЭС - 14%, шағын ГЭС - 13% құрады. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететіндігін және ЖЭК объектілерінен электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады (1-сурет).

1 сурет. 2020 жылғы аукциондардағы бағалардың төмендеуі

2020 жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар жеңімпаздарының тізімі 4-кестеде ұсынылған.

4 кесте. Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы аукциондар жеңімпаздарының тізімі

Ескертпе:* -  Шағын (0.1-ден 10 МВт-қа дейін қоса алғанда), ірі (10 МВт-тан астам)

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Еуропа қайта құру және даму банкі, USAID, БҰҰДБ және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықты бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізуді атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.