Жаңалықтар архивы

02 қыркүйек, 2021
520

ҚР Энергетика министрлігінің «КОРЭМ» АҚ алаңында Француз Даму Агенттігінің өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша

1 Фото

2021 жылғы 31 тамызда «КОРЭМ» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Француз Даму Агенттігі (Agency French Development) өкілдерінің энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесуі өтті.

«КОРЭМ» АҚ қызметінің жаңа бағыттарымен таныстыруды Басқарма Төрағасы Ильяс Бақытжан Нассенұлы сөз сөйледі. Сондай-ақ, қонақтарға энергетика секторы мен адам капиталын тұрақты дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға бағытталған электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің Салалық орталығы шеңберіндегі бастамалары туралы айтып өтті.

 

Кездесу барысында Француз даму агенттігінің өкілі Адам Айаш Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр энергиясының көтерме нарығын дамыту, салалық білім беру платформасын құру, энергетика секторын цифрлық трансформациялау және болашақта ынтымақтастық үшін негіз бола алатын гидропотенциалдың цифрлық картасын жасау жөніндегі бастамаларына қызығушылық білдірді. Тараптар тығыз ынтымақтастық үшін одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты.

 

Анықтама:

Agence Française de Développement – 1941 жылы құрылған Франция үкіметінің ФДА агенттігі 70-тен астам дамушы елдердегі жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырады.