Жаңалықтар архивы
Өндірістік жабдықтың техникалық жай-күйін басқару және мониторинг Жүйесінің жеткізушісін таңдау бойынша Конкурс.
«КОРЭМ» АҚ және AstanaHub бірлесіп өндіруші кәсіпорындардағы өндірістік жабдықтардың техникалық жай-күйін басқару және мониторинг Жүйесін жеткізушіні таңдау және мемлекеттік органдарға есептік ақпаратты ұсыну бойынша конкурс өткізеді.
Конкурстың жеңімпазы бағдарламалық жасақтаманы жөнге келтіруге келісім жасасып, кейіннен Қазақстан Республикасы Заңнамасының талаптарына сәйкес 50 миллион теңгеден астам мемлекеттік сатып алу шартын жасасу мүмкіндігіне ие болады.
Конкурс кезеңі:
- Конкурстың қатысушылары мен командаларын тіркеу және іріктеу 30 қарашадан бастап 17 желтоқсанға дейін жүргізіледі, сондай-ақ жобалық құжаттаманы қабылдау жүргізіледі.
- 11-17 желтоқсан аралығында сырттай бағдарламалау кезеңі өтеді.
- 22 желтоқсанда командалар конкурстың күндізгі кезеңіне конкурстық комиссияның шешімі бойынша жіберіледі.
- 2021 жылғы 24 желтоқсанда конкурс қорытындылары өткізілетін болады.
Конкурстың дайындық кезеңіне қатысу үшін командалар 17 желтоқсанға дейін сайтқа тіркеу өтінімін жіберуі қажет:
https://astanahub.com/pages/contest.
Конкурсқа қатысу құжаттарын рәсімдеу үшін конкурстық құжаттаманы жүктеу қажет.
Қатысушы конкурсқа қатысу үшін өтінім мен құжаттарды 2021 жылғы 20 желтоқсандағы сағат 18:00-ден кешіктірмей «КОРЭМ» АҚ-ның Doculite цифрлық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық нысанда ұсынады.