Жаңалықтар архивы

02 қыркүйек, 2022
354

«ЭҚРҚО» АҚ-да Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша оқыту өтті

2 Фото
2 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма төрағасы К.Б. Рахимовтың тапсырмасы бойынша Қоғам қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізілді.

Спикер ретінде қоғамның заң департаментінің директоры А. А. Бердымбаева сөз сөйледі.

«ЭҚРҚО» АҚ (бұдан әрі – қоғам) қызметкерлеріне 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына егжей-тегжейлі түсініктеме берілді.

Өтініштердің түрлеріне, оларды тіркеу тәртібіне, өтініштерді тиісті органдарға қайта жолдау міндетіне (егер мұндай өтініштерді қарау қоғамның құзыретіне кірмейтін болса), әкімшілік рәсімдерді қарау мерзімдеріне, әкімшілік істерді қарау нәтижелері бойынша тыңдау және шешімдер қабылдау тәртібіне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында Қоғам қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 бұйрығымен бекітілген «Электрондық өтініштер» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін өтініштерді тіркеу, есепке алу Қағидаларының нормалары бойынша сұрақтар қойылды. Барлық қойылған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.

Оқыту қорытындысы бойынша жұмыста ұсынылған ақпаратты басшылыққа алу ұсынылды.