Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ алаңында «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
- маневрлік генерациялау режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттық өткізу;
- 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны орындау мақсатында, атап айтқанда тұтынушылардың/кәсіпкерлердің электр энергиясына кемсітусіз еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін орталықтандырылған сауда нарығында электр энергиясын өткізу міндеттілігінің үлесін ұлғайту бойынша электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу.
-теңгерімдеуші нарықты іске қосуға дайындық шеңберінде, оның ішінде энергия өндіруші ұйымдар үшін шекті тарифтерден жоғары өндірілетін электр энергиясының 10% - на дейін сату мүмкіндігін беретін заң нормасын пайдалана отырып, спот-сауда-саттықтың өтімділігін арттыру.