Жаңалықтар архивы

08 қыркүйек, 2022
315

«ЭҚРҚО» АҚ - да ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа дайындық шеңберінде онлайн-вебинар өтті

1 Фото

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде 2022 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда - саттыққа дайындық шеңберінде онлайн-вебинар өтті.

Вебинарды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «Болашақ энергиясы» USAID өңірлік бағдарламасы, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) қолдауымен ұйымдастырды.

Вебинарға қазақстандық және шетелдік инвесторлар қатысты.

Вебинардың мақсаты-Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған әлеуетті инвесторларды заңнамалық базаны қоса алғанда, ЖЭК секторын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ету.

Вебинарда ҚР Энергетика министрлігінің, «ЭҚРҚО» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС, «KAZAKH INVEST «ҰК» АҚ өкілдері спикер болды.

Вебинар барысында ЖЭК дамыту үшін өзекті тақырыптар талқыланды.

Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылы орнатылған аукционға қойылған жалпы қуат, электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып 690 МВт құрайды:

  • күн электр станциялары (СЭС) - 60 МВт;
  • Жел энергетикалық қондырғылар (ЖЭС) - 400 МВт;
  • су электр станциялары(ГЭС) – 220 МВт ;
  • биоэлектростанциялар(БиоЭС) - 10 МВт.

Вебинардың барлық қатысушыларына жанды қарым-қатынас және қызықты сұрақтар үшін алғыс айтамыз!

Құрметті инвесторлар сіздердің сұрақтарыңызға телефон арқылы көмектесуге және жауап беруге қуанышты боламыз: +7 (7172) 649-189, 649-188, 649-182, 649-181, сондай – ақ, сіз "сұрақ-жауап"кері байланыс нысаны арқылы сұрақтарыңызды қалдыра аласыз.