Жаңалықтар архивы

09 қыркүйек, 2022
418

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым министрі мен ЕЭК энергетика Департаментінің директоры «ЭҚРҚО» АҚ алаңында болды.

1 Фото

8 қыркүйекте Қазақстан астанасына жұмыс сапары шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) энергетика және инфрақұрылым министрі Кожошев Арзыбек Орозбекович пен ЕЭК энергетика Департаментінің директоры Закревский Вадим Александрович «ЭҚРҚО» АҚ алаңына іс сапар барысында келді.

Осы кездесу аясында қоғамның негізгі артықшылықтары, сондай-ақ жетістіктері егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көрсетілді:

- электр энергиясын жеткізудің орташа ұзақ мерзімді кезеңдеріне орталықтандырылған сауда-саттық жүргізуді ұйымдастыру бойынша;

- «бір күн бұрын» режиміндегі спот-сауда-саттықтар, оның даму тарихы мен кезеңдері;

- Сауда-саттықты өткізу рәсімдері және баға белгілеу тетіктері.

 Кездесу барысында «ЭҚРҚО» АҚ басшылығы «бір күн бұрын» режимінде спот-сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша төлемге кепілдік беру жүйесін ұсынды.

«ЭҚРҚО» АҚ Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығында орталықтандырылған сауда нарығының операторы рөліне талаптануына байланысты, сондай-ақ сауда алаңының артықшылықтарына және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу бойынша Қоғамның бай тәжірибесіне тоқталды. «ЭҚРҚО» АҚ ЕАЭО елдерінің ортақ электр энергетикалық нарығы үшін сауда алаңын жаңғыртуға және әзірлеуге дайын.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу барысында тараптар жедел келісім-шарттар бойынша және бір тәулік бұрын сауда-саттық өткізу үшін алаңды(СК) таңдау критерийлерін және алаңды(СК) тағайындау тәртібін талқылады.