Жаңалықтар архивы
ЖОО қызметінің тиімділігін арттыру факторы ретінде стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл
«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Алмаз Абжалелұлы Саухимовпен кездесу өтті.
АЭжБУ-бүкіл Орта Азия өңірінде энергетика, телекоммуникация және IT-технологиялар бойынша жоғары дәрежелі мамандар даярлайтын Қазақстандағы негізгі жоғары оқу орындарының бірі.
Кездесу барысында саланың кадрлық әлеуетін арттыру, кадрларға қажеттілік және оларды даярлау мәселелері талқыланды.
АЭжБУ базасында, «ЭҚРҚО» АҚ Технологиялық құзыреттердің салалық орталығы жанынан Электр энергетикасы саласындағы Білім және ғылым жөніндегі сараптама комитетін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттердің салалық орталығы (ОЦТК) министрдің 02.08.2021 жылғы № 253 бұйрығына сәйкес Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ЭҚРҚО» АҚ базасында құрылды.
Жоба шеңберінде АЭжБУ-дың энергетикалық кәсіпорындармен, ғылыми ұйымдармен және даму институттарымен өзара іс-қимылы, кадрлық әлеуетті арттыруға және электр энергетикасы саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған жүйелік бағдарлама құру қажеттілігі жөнінде ұсыныстар әзірлеу көзделіп отыр.