Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ барлық мүдделі тұлғаларға генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған аукциондық сауда-саттық жобаларын іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлайды, оларды 2022 жылғы 13 және 15 шілдеде өткізу жоспарлануда.
2022 жылы маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа (бұдан әрі - аукциондық сауда-саттық) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің 1140-1240 МВт жарияланды:
- 2022 жылғы 13 шілде түрі бойынша - бу-газды қондырғы (жылу энергиясын берумен) - 240 МВт (Қызылорда облысында);
- 2022 жылғы 15 шілдеде түрі бойынша – бу-газды қондырғы - 900-1000 МВт (Түркістан облысында).
2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен Сіз біздің сайтымыздан таныса аласыз.
Барлық сұрақтар бойынша Сіз бізге электронды поштаға сұрау жіберіп, хабарласа аласыз power@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: (7172) 982-971, 982-972 (жедел қолдау секторы).