Жаңалықтар архивы

04 сәуір, 2022
503

Құрметті инвесторлар!

1 Фото

«ЭҚРҚО» АҚ Сіздерді 2022 жылға арналған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.

Аукциондық сауда-саттық Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген «2022 жылға арналған генерациялаудың маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттық өткізу кестесіне» (бұдан әрі - Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі) сәйкес жүргізіледі.

2022 жылғы 13 және 15 шілдеде аукциондық сауда-саттыққа екі алаң қойылады, олар Қызылорда (көлемі 240 МВт) және Түркістан (көлемі 900-1000 МВт) облыстарында орналасқан.

2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен, сондай-ақ қатысуға қатысты презентациялық материалдармен Сіз біздің сайтымыздан таныса аласыз https://auction.korem.kz/.

Сондай-ақ, біздің сайтта Сіз жоба алдындағы құжаттаманың құрамын қамтитын дайындалған презентация материалдарын оқып, жоба алдындағы құжаттамаға кіретін мәліметтерді біле аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша Сіз бізге электронды пошта арқылы хабарласа аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: 8(7172)- 649-181, 649-188, 649-187.

Сіздерді 2022 жылғы аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың арасынан көруге қуаныштымыз.