Жаңалықтар архивы

08 маусым, 2022
375

Құрметті инвесторлар!

1 Фото

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Азаматтық кодексінің 175-бабын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 13 шілдеде өтетін генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға көлемі 240 МВт болатын Қызылорда облысында орналасқан алаң бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі 2022 жылғы 12 маусымнан 2022 жылғы 13 маусымға ауыстырылатынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, аукциондық сауда - саттыққа қатысу үшін құжаттарды ұсынуға қатысты сұрақтар туындаса, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Уәкілетті өкілі – Гүлнар Құрманғалиқызы Бақтыбаеваға, телефон+ 7 (7172) 74-02-94 және Комиссия хатшысы: Әсет Сәлімжанұлы Түкеновке, телефон: + 7 (7172) 74-06-03, ұялы телефон: + 7 701 310-18-19 хабарласуларыңызды сұраймыз.