Жаңалықтар архивы
Жақын арада Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамытудың жаңа тұжырымдамасы әзірленетін болады
«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Қазақстанның электр саласын дамыту тұжырымдамасын және энергетикалық жүйені цифрландыру «Smart Grid» стратегиясының жобасын әзірлеу бойынша кездесу өтті.
«ЭҚРҚО» АҚ Басқарма төрағасы Қ.Б.Рахимов отын-энергетика кешені тұжырымдамасын жаңартудың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте тұжырымдаманың негізгі 7 тарауын зерделеп, мәселелерді анықтап, жетілдіру жолдарын ұсыну қажеттігін айқындады. Тұжырымдаманы әзірлеу үшін Министрлік алаңында құрамына электр энергиясы нарығының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кіретін жұмыс топтары құрылады. Алдын ала Тұжырымдама жобаларын қалыптастыру үшін электр энергетикасы нарығының өкілдері белсенді қатысуға және өз ұсыныстарын қарауға жіберуге шақырылды.
Жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдеріне сұрақтарын қойып, саладағы негізгі мәселелерді айтып өтті.