Жаңалықтар архивы
2022 жылғы 15 шілдеде Түркістан облысында орналасқан учаскеде маневрлі генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларының құрылысы бойынша екінші аукциондық сауда саттық өтті.
Маневрлі генерацияны құру жобаларын іске асыруға бөлінген инвестициялардың кепілдік берілген қайтарымы механизмін іске асыру мақсатында, «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында Түркістан облысында орналасқан маневрлі генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларының құрылысы бойынша екінші аукциондық сауда саттық өтті.
Түркістан бу-газ зауытының құрылысы Оңтүстік аймақтағы электр қуатының тапшылығын азайтуды, өсіп келе жатқан тұтынуды жабу мүмкіндігін, сондай-ақ Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде жұмысты реттеуді қамтамасыз етеді.
Аукционға 3 компания қатысты.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша алынған қуаттылықтың жалпы көлемі 926,5 МВт құрады.
Аукцион жеңімпазы – «ПГУ Түркістан» ЖШС.
Сауда-саттық барысында аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің баға диапазоны айына 16 299 800 теңгеден 16 275 800 теңгеге дейін құрады (ҚҚС-сыз).