Жаңалықтар архивы
" ЭҚРҚО" АҚ басшылығы ынтымақтастық мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізді.
20.07.2022 жылы " ЭҚРҚО" АҚ-да Дүниежүзілік банк командасымен кездесу өтті, оның шеңберінде мәселелер талқыланды:
- Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдарға техникалық аудит жүргізу;
- электр энергиясы нарығын реформалау және ЖЭК интеграциясы;
- электр энергиясының аймақтық нарығын дамыту перспективалары.
Кездесу қорытындысы бойынша " ЭҚРҚО" АҚ-ның техникалық аудит жүргізу жөніндегі Дүниежүзілік Банк жобасының үйлестірушісі ретіндегі рөлі жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді. " ЭҚРҚО" АҚ-ның электр энергиясы нарығын және Орталық Азия елдерінің электр энергиясының өңірлік нарығын одан әрі дамыту жөніндегі пайымдары ұсынылған.
Жақын арада Қазақстанда техникалық аудит жүргізу жобасын үйлестіру бойынша келісімшартқа қол қою рәсімдерін аяқтау күтілуде.