Жаңалықтар архивы

22 шілде, 2022
401

ҚР-да ЖЭК аймақтарын орналастыру "ЭҚРҚО"АҚ алаңында талқыланды.

2 Фото
2 Фото

2022 жылғы 21 шілдеде "ЭҚРҚО" АҚ алаңында төмен көміртекті энергетиканы одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Qazaq Green және "Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығы" ЗТБ өкілдерімен кездесу барысында ЖЭК аймақтарын дамыту, инвесторлар үшін жағдай жасау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстанда бөлінген генерацияны дамытудың мәселелері көтерілді.

Талқылау барысында ҚР Энергетика министрлігі мен "ЭҚРҚО" АҚ әзірлейтін электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстанда ЖЭК аймақтарын дамыту, жел және күн энергетикасын дамыту үшін ЖЭК перспективалық алаңдарын айқындау бойынша қойылған міндеттер қаралды. Қосымша ЖЭК аймақтары үшін аукциондарды дайындау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, аукциондар түрлері, учаскелерді анықтау нұсқалары, желіге қосылу мүмкіндігі, тарифтерді саралау мәселелері талқыланды.

Қорытынды бойынша өзекті мәселелерді талқылау және нарық ойыншыларымен пікір алмасу үшін әлеуетті инвесторлармен және қазіргі девелоперлермен кездесуді ұйымдастыру және өткізудің орындылығы туралы шешім қабылданды.