Жаңалықтар архивы
28.07.2022 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің алаңында «ЭҚРҚО» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Директорлар Кеңесінде келесі мәселелер қаралды:
- Қоғамның 2021 жылғы жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту және Жалғыз акционерге 2021 жылғы таза табысты бөлу тәртібі және бір жай акцияға есептегендегі жыл ішіндегі дивидендтердің мөлшері туралы ұсыныс туралы;
- «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма Төрағасы мен Басқарма мүшелерінің жыл қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерін және Қоғамның Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің 2022 жылға арналған уәждемелік ҚТК айқындау қағидаларын бекіту туралы;
- Комплаенс-офицерді тағайындау туралы.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.