Жаңалықтар архивы
Маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілген генерациялау қондырғыларын салу бойынша аукциондарды өткізу кестесіне өзгерістер енгізілді
«ЭҚРҚО» АҚ генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды 2022 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесін өзектендіру туралы хабардар етеді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 27.07.2022 ж. №248 бұйрығымен генерацияның маневрлік режимімен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына аукциондық сауда-саттық өткізу кестесі толықтырылды.
30.09.2022 ж. жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар арасында 550 МВт көлемінде қызмет көрсетуіне аукциондық сауда-саттық белгіленген.
Барлық сұрақтар бойынша сіз «ЭҚРҚО» АҚ-ға электронды поштаға сұрау жіберіп, хабарлай аласыз vie@korem.kz немесе келесі нөмірлер бойынша: (7172) 649-181, 649-182 (жедел қолдау секторы).