Жаңалықтар архивы
2022 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша
аукциондық сауда-саттықты өткізу бойынша
вебинар
Сіздерді «2022 жылы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбындағы вебинарға қатысуға шақырамыз. Вебинарлар сериясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, USAID, ЕҚДБ, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы «КОРЭМ» АҚ, «KEGOC» АҚ және ЖЭК электр энергиясын бірыңғай сатып алушысы «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС қатысуымен ұйымдастырды.
Осы вебинарлардың мақсаты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістерді ескере отырып, Қазақстан Республикасында ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу жүйесін түсіндіру болып табылады. Вебинар шеңберінде «Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы да көзделеді.
Күні мен уақыты:
2022 жылғы 17 тамыз / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
2022 жылғы 7 қыркүйек / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
2022 жылғы 12 қазан / 16.00 – 18.00 (Нұр-Сұлтан уақыты)
Тіркелу үшін сілтемеге өтініз:
https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_dp8glV_DQzWVnQmbtS5lfQ
ВЕБИНАР БАҒДАРЛАМАСЫ
16:00 - 16:05
|
Кіріспе сөз Асхат Бекенов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жоба жетекшісі
|
16:05 - 16:15
|
ҚР-да ЖЭК саласының дамуы туралы Абай Құланбай, ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры
|
16:15 - 16:25
|
ҚР-да ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу Шағырбаева Ақнұр, «КОРЭМ» АҚ-ң Нарықтарды дамыту департаментінің директоры |
16:25 - 16:35
|
Қаржылық қамтамасыз етуді алу және аукцион жеңімпазымен шарт жасасу ерекшеліктері Сапарғалиев Мадияр, «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС Даму және жоспарлау департаментінің директоры
|
16:35 - 16:50
|
2022 жылғы құжаттамамен өткізілетін аукциондық сауда-саттық ЕҚДБ өкілі
|
16:50 - 17:00
|
ЖЭК басым бағыттағы салалрдың қатарында: инвестициялық преференциялар алудың мүмкіндіктері Гимранова Лейла, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жобалық менеджері
|
17:00 - 18:00 |
«Сұрақтар мен жауаптар» сессиясы
|