Жаңалықтар архивы
Бірыңғай сатып алушы мен ЭТН моделін енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Шымкент қаласында жүргізіледі
2023 жылғы 09 маусымда сарапшылар тобы ҚР Энергетика министрлігі бекіткен нақты уақыт режимінде Бірыңғай сатып алушының моделін және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын алдағы уақытта енгізу мәселелері жөніндегі түсіндіру іс-шараларының кестесіне сәйкес ақпараттық-түсіндіру науқаны шеңберінде Шымкент қаласына (Оңтүстік ЖЭТ) барады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап нақты уақыт режимінде бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жаңа моделі енгізілуде.
Осыған байланысты, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін ақпараттандыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ электр энергиясы нарығының жаңа моделін түсіндіру мақсатында ҚР Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ, «ЭҚРҚО» АҚ және «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС қатысуымен ел өңірлеріне көшпелі түсіндіру науқанын жоспарлады.
Кездесу уақыты: сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 27
Фото: ашық дереккөздерден