Жаңалықтар архивы
Өткен аптада «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі - ЭҚРҚО) алаңында, Нарық кеңесі бойынша сараптама комитетінің отырысы өтті.
Отырысқа USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «KEGOC» АҚ, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ өкілдері, «ЭҚРҚО» АҚ Басшылығы және сыртқы консультанттар қатысты.
Кездесудің мақсаты – Қазақстанның электр энергетикасындағы Нарық кеңесінің жаңа моделін пилоттық енгізу нәтижелері туралы есепті тыңдау.
USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасы шеңберінде Нарық кеңесінің құрылымы зерделенді, талдау жүргізілді және отырыста Нарық кеңесін одан әрі жетілдіру үшін ұсынылды.
Айта кетейік, Нарық кеңесі (бұдан әрі - НК) – бұл «Электр Энергетикасы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 18-2-тармақшасында көзделген электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуіне мониторинг жүргізу жөніндегі қызметті, сондай-ақ басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
Отырыста реформалауды, оның ішінде НК функцияларын кеңейтуді көздейтін НК жаңа моделі ұсынылды. Артықшылықтарды, кемшіліктер мен тәуекелдерді ескере отырып, НК жаңа моделінің 3 нұсқасы ұсынылған:
- ҚЭК қайта құрылымдау;
- «ЭҚРҚО» АҚ базасында НК құру;
- Жаңа ұйым ретінде НК құру.
Кездесу қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар НК жаңа моделіне және жүргізілген талдауға қатысты өз түсініктемелерін берді. Отырысты қорытындылай келе, «ЭҚРҚО» АҚ компаниясының басшысы тыңдалған есеп Электр энергетикасы нарығының субъектілері мен мемлекеттік органдардан бірдей қашықтықты қамтамасыз ететін нарық Кеңесінің құрылымын, осы құрылымды қаржыландыру нұсқалары мен функционалдығын айқындау бөлігінде пысықтауды талап ететінін атап өтті.