Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.
Осыған байланысты, «ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.
Имитациялық сауда-саттық 4 (төрт) сауда сессиясында өткізілетін болады:
Цифрлық майнерлер үшін: |
||
Күні |
ҚР БЭЖ Батыс аймағы |
ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары |
2023 жылғы 13 маусым |
11.30-12.00 сағ. (Астана уақыты бойынша) |
15.30-16.00 сағ. (Астана уақыты бойынша) |
Энергия өндіруші ұйымдар үшін: |
||
2023 жылғы 14 маусым |
11.30-12.00 сағ. (Астана уақыты бойынша) |
15.30-16.00 сағ. (Астана уақыты бойынша) |
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына КЭН субъектілері, атап айтқанда цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.
Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez-test.korem.kz ).
Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.
Фото: ашық дереккөздерден