Жаңалықтар архивы

14 маусым, 2023
335

«ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы болып белгіленді

1 Фото

2023 жылғы 19 сәуірде Мемлекет басшысы «Әкімшілік реформа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, оның шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электр энергиясы нарығы жұмысының жаңа моделін енгізуді көздейтін «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізілді. Модель бірыңғай сатып алушы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы тетігіне негізделеді.

Өзгерістерге сәйкес электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыреті теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын айқындау жөніндегі функциямен толықтырылды.

Осыған байланысты, 2023 жылғы 06 маусымда ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен «ЭҚРҚО» АҚ теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығындағы теріс теңгерімсіздіктерді орталықтандырылған сатып алу-сатуды жүзеге асыратын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы болып айқындалды.

Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми ресурсында сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/482104?lang=kk