Жаңалықтар архивы
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыруды жоспарлап отырған барлық мүдделі тұлғаларды 2023 жылғы 31 тамыз бен 30 қараша аралығында өтетін ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға шақырады.
Сонымен қатар, ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысты барлық сұрақтар бойынша жауапты маман - Александр Тенге келесі байланыс деректері бойынша хабарласуға болатынын хабарлайды: + 7 (7172) 982-965, + 7 701 741 96 64
2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесімен және 2024-2027 жылдарға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарымен танысуға болады https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/ .
Фото: ашық дереккөздерден