Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру ережелері» жаңа жобасына сәйкес электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірледі.
Осыған байланысты, «ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі-Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарлап отыр.
Имитациялық сауда-саттық 2 (екі) сауда сессиясында өткізілетін болады:
- Цифрлық майнерлер үшін
- 2023 жылғы 20 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)
- 2023 жылғы 22 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)
- Энергия өндіруші ұйымдар үшін
- 2023 жылғы 21 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)
- 2023 жылғы 23 маусым сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша)
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына КЭН субъектілері, атап айтқанда цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.
Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez.korem.kz ).
Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.
Фото: ашық дереккөздерден