Жаңалықтар архивы
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы кезінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының электрондық сауда жүйесін пайдалану бойынша күндізгі оқыту туралы 2023 жылғы 27 маусымда сағат 11:00-де хабарлайды.
Осыған байланысты, Қоғам барлық мүдделі тұлғаларды осы оқытуға қатысуға және энергия өндіруші ұйымдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етуге шақырады.
Күндізгі оқытуға қатыса алмайтын энергия өндіруші ұйымдардың өкілдері үшін сағат 11:00-ден 12:30-ға дейін бейнеконференцбайланыс ұйымдастырылады. Келесі сілтеме бойынша, бейне байланысқа қол жеткізу болады.
Конференция идентификаторы: 844 9308 9751
Кіру коды: 641010
Сонымен қатар, электр энергиясының қайталама орталықтандырылған сауда – саттығын имитациялық режимде (бұдан әрі – Имитациялық сауда-саттық) өткізуді жоспарланып отыр.
Имитациялық сауда-саттық 2023 жылғы 27 маусымда 2 (екі) сауда сессиясында өткізіледі:
- сағат 12:30 - дан 13:00-ге дейін-энергия өндіруші ұйымдар үшін (Астана уақыты бойынша);
- сағат 16:00 - ден 16:30-ға дейін-цифрлық майнерлер үшін (Астана уақыты бойынша).
Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына ЭКН субъектілері, атап айтқанда цифрлық кеншілер мен энергия өндіруші ұйымдар (инвестициялық келісімдері бар ЖЭО мен ЭӨҰ-нан басқа) қатысады.
Имитациялық сауда-саттыққа қатысу үшін жоғарыда аталған мүдделі тұлғалардан осы сілтеме бойынша тіркеуден өтуін сұраймыз (https://tradez.korem.kz).
Оқыту мекен-жайы: Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70, «Сығанақ» БО, 200 кеңсе.
Түсініктемелер мен тіркеуге қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 7172 982-941, 982-942, 982-943.
Фото: ашық дереккөздерден