Жаңалықтар архивы

29 маусым, 2023
288

«ЭҚРҚО» АҚ электр энергиясын Бірыңғай сатып алушының енгізілетін моделі шеңберінде оқыту жүргізді

3 Фото
3 Фото
3 Фото

2023 жылғы 27 маусымда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) базасында энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясын Бірыңғай сатып алушы кезінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының электрондық жүйесін пайдалану бойынша күндізгі оқыту өтті.

Оқуға жеке қатысу мүмкіндігі жоқ энергия өндіруші ұйымдардың өкілдері үшін бейнеконференцбайланыс көзделген.

Энергия өндіруші ұйымдардың өкілдері сауда алаңын пайдалану тетігімен танысуға және түсінуге мүмкіндік алды. Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу кезінде электрондық сауда жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, сондай-ақ техникалық параметрлерді қолдану логикасы және баға белгілеудің жалпы қағидаттары түсіндірілді.  

Кездесу барысында қатысушыларға энергия өндіруші ұйымдар қызметкерлерінің қоғамның электрондық сауда жүйесінде жасаған әрекеттері үшін тәуекелдері мен жауапкершілігі туралы егжей тегжейлі баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қоғам алынған ақпаратты бекіту үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын имитациялық режимде өткізді. Имитациялық сауда-саттық аяқталғаннан кейін «сұрақ-жауап» форматында талқылау өтті. Қатысушылар қойған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Барлық қатысушылар оқудан өткені туралы сертификаттар алды.