Жаңалықтар архивы

01 шілде, 2023
321

Бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарықты іске қосу шеңберінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді

1 Фото

2023 жылғы 30 маусымда «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесінде (бұдан әрі – жүйе) электр энергиясын Бірыңғай сатып алушының жаңа моделіне сәйкес электр энергиясының алғашқы орталықтандырылған сауда-саттығы өтті.

Бірінші сауда сессиясы цифрлық майнерлер үшін өткізілді. Жүйеге 6 қатысушы жіберілді. Жалпы қажеттілік 1 601 мың кВт*сағ максималды сағаттық қуаты 169.2 МВт құрады. Сауда сессиясының қорытындысы бойынша максималды қуаты 169.2 МВт болатын 1 330,226 мың кВт*сағ сатылды. Сатып алудың ең жоғары бағасы 1 кВт*сағ үшін ҚҚС-сыз 19.29 теңге деңгейінде қалыптасты.

Екінші сессия электр станцияларының электр энергиясын сату үшін өткізілді. Оған барлығы 14 электр станция қатысты. Сатуға мәлімделген жиынтық көлемі 111 448 мың кВт*сағ құрады, максималды қуаты 4 807.7 МВт. Сауда сессиясының қорытындысы бойынша Бірыңғай сатып алушы үшін максималды қуаты 4 806.7 МВт болатын 111 194 мың кВт*сағ таңдалды.

Бірінші сауда күнінің қорытындысы бойынша орталықтандырылған сауда саттық сәтті өтті. Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша деректер ағымдағы жылдың 1 шілдесіне арналған тәуліктік кесте жобасына енгізу үшін Жүйелік операторға берілді.

Сауда-саттықтың алдын-ала нәтижелері келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:

Цифрлық майнерлер үшін

Энергия өндіруші ұйымдар үшін

Фото: ашық дереккөздерде