Жаңалықтар архивы
«ЭҚРҚО» АҚ алаңында Қазақстанда ГЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық бойынша семинар өтті
2023 жылғы 25 шілдеде гибридті форматта «Қазақстандық электр энергиясы және қуат нарығының операторы» АҚ алаңында USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының қолдауымен «Қазақстанда гидроэлектростанциялар құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ҚР Энергетика министрлігінің, ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығының, KAZAKH INVEST және «ЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты.
Стратегия және Қызметті қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор – «ЭҚРҚО» АҚ Басқарма мүшесі А.В. Доронин құттықтау сөз сөйледі, ол компания аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін инвесторлармен, оның ішінде бейнеконференцбайланыс форматында кездесулер өткізетінін атап өтті.
ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК дамыту департаменті басқармасының басшысы С.Т. Дүкенбаев Қазақстандағы ЖЭК-ті дамыту туралы өз сөзінде мемлекеттік қолдау шараларымен, 2018-2022 жылдардағы ЖЭК аукциондық сауда-саттығының қысқаша нәтижелерімен және ЖЭК-ті дамыту бойынша одан әрі қадамдармен бөлісті.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында 132 ЖЭК объектісі жұмыс істейді, жалпы белгіленген қуаты 2,5 ГВт құрайды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ЖЭК-тен электр энергиясын өндіру 3,3 млрд.кВтсағ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40% - ға немесе электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінен 5,8% - ға артық. Ағымдағы жылы ГЭС жобалары үшін шекті баға 41,23 тг/кВтсағ құрайды.» - өз баяндамасында Сұлтан Дүкенбаев атап өтті.
ЖЭК аукциондық сауда-саттықтары бойынша баяндамамен «ЭҚРҚО» АҚ секторының басшысы - бас менеджері А.Л. Тен сөз сөйледі. Өз баяндамасында Александр Тен сауда жүйесінде тіркелу, ЖЭК бойынша аукционның сауда күні қалай өтетіні, өтінім беру, бағаларды есептеу және аукциондық сауда-саттықтың қорытындыларын шығару шарттары туралы толық ақпарат берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар сауда-саттықты ұйымдастырушыдан оқудан өте алатынын атап өтті. Баяндама соңында, Қазақстанда гидроэлектростанциялар құрылысына жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша соңғы мерзімі туралы және www.korem.kz сайтында қажетті ақпараттың қолжетімділігі туралы хабардар етті.
«ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС ЖЭК бөлімінің бас менеджері Үсенов Руфат аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың қаржылық қамтамасыз етуін енгізу қажеттілігі, олардың түрлері, қайтару және ұстап қалу шарттары туралы хабардар етті.
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ жобалық менеджері Гимранова Лейла семинар ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, ЖЭК жобаларын іске асыру және инвесторларға ұсынылатын қолдау шаралары бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу бойынша инвесторлардың хабардарлығын арттыратын осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Қазақстандағы инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау және қолда бар инвестициялық преференциялар туралы айтып берді.
Бейнеконференцбайланыс қатысушылары сұрақ-жауап сессияға белсенді қатысып, барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар алды.