Жаңалықтар архивы
2023 жылғы 1 қыркүйекте «ЭҚРҚО» АҚ сауда алаңында жиынтық белгіленген қуаты 200 МВт ірі гидро электро станциялар құрылысына арналған жобаларды іріктеу бойынша ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін ЖЭК аукцион сауда-саттығының екінші күні өткізілді.
Сауда-саттық сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан мәлімделген қуаттың жиынтық көлемі 322,81 МВт құрады, бұл ретте баламалы арақатынастағы қаржылық қамтамасыз етудің жиынтық көлемі мәлімделген көлемнің 130% аспай 243,51 МВт-ты құрады. Осыған байланысты, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 51-тармағының 1) тармақшасына сәйкес (сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуаттылығының жиынтық көлемі 130%-дан кем болғанда), аукциондық сауда-саттық өткізілмеген деп танылады.
Қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпазы анықталған жоқ.
Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық Қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы» ЗТБ, Азия даму банкінің, USAID өкілдері қатысты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау барысында ЖЭК жобаларын іске асыруды жалғастыру қажеттігін атап өтіп, еліміздегі гидро электро станцияларды дамытуға ерекше назар аударды.
Фото: ашық дереккөздерден