Жаңалықтар архивы
26 қыркүйекте «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ алаңында Ресей Федерациясының РОСАТОМ мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «ДЖЭТ» ИТО» АҚ-мен кездесу өтті.
Жұмыс кездесуі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы тәжірибе алмасу үшін өзара қарым-қатынасты дамыту шеңберінде өтті.
«ДЖЭТ» компаниясы энергетикада қолданылатын өнімдер мен шешімдерді таныстырып, тәжірибесімен бөлісті. Компания өкілдері математикалық модельдеу саласындағы әзірлемелер, энергетика саласында техникалық оқыту құралдарын жасау, энергетикалық объектілердің цифрлық егіздері және өзге де цифрлық шешімдер туралы толығырақ айтып берді.
Тараптар энергетика саласындағы цифрлық дамуды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.