Жаңалықтар архивы
17 қазанда ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу туралы онлайн-семинар өтеді
«ЭҚРҚО» АҚ Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін салуға арналған жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу туралв онлайн-семинар өткізуді жоспарлап отыр.
Энергетика министрінің м.а. 2017 жылғы 7 тамыздағы №280 бұйрығымен «ЭҚРҚО» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып белгіленді.
ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес республикада ЖЭС, ГЭС, КЭС және БиоЭС құрылысына жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық ағымдағы жылдың 13-30 қарашасы аралығында өтеді.
Семинарды өткізу күні: 17 қазан 2023 жыл
Өткізу уақыты: 11.00 сағ. (Астана уақыты бойынша)
Семинардың мақсаты - жаңартылатын энергия көздері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысу, сүйемелдеу және өткізу бойынша мәселелерді түсіндіру.
Мақсатты аудитория - ЖЭК бойынша аукциондық сауда-саттықтың әлеуетті қатысушылары.
Семинар бағдарламасы
№ р/с |
Баяндамашы ұйымының атауы |
Баяндамашының ТАӘ және лауазымы |
Баяндама тақырыбы |
1 |
ҚР Энергетика министрлігінің ЖЭК дамыту департаменті |
Дукенбаев Султан Талгатович, Басқарма басшысы |
Қазақстан Республикасында ЖЭК дамыту: Көрсеткіштер мен перспективалар |
2 |
«ЭҚРҚО» АҚ |
Тен Александр Леонидович, Бас менеджер – сектор басшысы |
Аукциондық сауда-саттық: Жаңартылатын энергия көздері. |
3 |
«ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС |
Усенов Руфат Талгатович, ЖЭК бөлімінің бас менеджері |
ЖЭК аукциондық саудаларын қаржылық қамтамасыз ету |
4 |
«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ |
Гимранова Лейла Жоба менеджері |
ЖЭК басым салалар қатарында. Инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндіктері |
5 |
Сұрақ-жауап сессиясы |
Семинар ZOOM онлайн-конференциясы форматында өтеді. Сілтеме бойынша бейне байланысқа қол жеткізу: https://us02web.zoom.us/webinar/register/WN_dF1WvMp1TvOkkygk0R5u9A
Байланыс телефоны: 8 (7172) 98-29-65