Жаңалықтар архивы
2023 жылғы 26 қазанда «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ KAZENERGY қауымдастығының өкілдерін жұмыс сапарымен қабылдады.
Кездесудің мақсаты – «ЭҚРҚО» АҚ базасында құрылған Электр энергетикасы саласының жұмысын бақылаудың цифрлық шешімімен танысу.
Кездесу барысында «ЭҚРҚО» АҚ Стратегия және даму жөніндегі Басқарушы директоры Алексей Доронин энергетиканың цифрлық платформасы жұмысының функционалдығын көрсетті, осы платформаны құрайтын модульдер туралы қысқаша баяндады.
Платформаны көрсету барысында туындаған барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді.
Кездесу соңында KAZENERGY қауымдастығының өкілдері бөлінген уақыт үшін алғыс білдіріп, осы цифрлық шешімді әзірлеу бойынша жүргізілген үлкен жұмыс және оның энергетика нарығындағы маңыздылығы туралы атап өтті.