Жаңалықтар архивы

13 қараша, 2023
349

ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда саттық бағаның рекордтық төмендеуімен басталды

1 Фото

2023 жылғы 13 қарашада ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы үшін ЖЭК жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша жиынтық белгіленген қуаты 100 МВт аукциондық сауда саттығы басталды.

ҚР Энергетика министрлігі бекіткен ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2023 жылы 22.68 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 18 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жалпы көлемі 450 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар арасында аукциондық сауда-саттықта бәсекелестік күресті жүргізу барысында өтінімдердің баға диапазонының 22.68-ден 10.5 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеуі алынды.

ЖЭС құрылысына жобаларды іріктеу бойынша шекті аукциондық бағадан бағаның рекордтық 54%- ға төмендеуі атап өтілді.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып компания – «САНГРОУ КАЗАХСТАН ХОЛДИНГС» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 100 МВт, аукциондық бағасы 10.5 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз) анықталды. Жоба Қостанай облысында орналастырылады деп жоспарлануда.

Аукциондық сауда саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында байқаушылар ретінде келесі өкілдер қатысты: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Qazaq Green» ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ.

Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген Нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион 2023 жылғы 14 қарашаға белгіленген жиынтық қуаты 100 МВт жел энергетикалық станцияларының жобаларын іріктеу бойынша тағайындалды.

Анықтама:

ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 187 бұйрығымен бекітілген 2023 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу Кестесіне сәйкес 2023 жылы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықтың белгіленген қуаттылықтарының жалпы көлемі 860 МВт құрайды, оның ішінде:

- күн электр станциялары (КЭС) - 100 МВт;

- жел электр станциялары (ЖЭС) - 500 МВт;

- гидроэлектр станциялары (СЭС) - 250 МВт;

- биоотын электр станциялары (БиоЭС) - 10 МВт.